Қалалық "Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйі" ММ ұйымдастырған "Поющие руки" патриоттық әндер байқауында Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің оқушылары, ата-аналары және ұстаздары қатысып өнерлерін шыңдады.
Байқау қорытындысы:
Аталған байқау ережесіне сай жан-жақты дайындалып, шеберліктерін тағы бір мәрте дәлелдеген Бас жүлде иегерлері - 7"ә" класс оқушысы ЖЕҢІС АЙБЕК пен жетекшісі ТАЖБЕНОВА ЛӘЗЗАТТЫ байқаудың жеңімпаздары атануымен қүттықтаймыз!
Байқаудың ең кішкентай қатысушысы - АМАНГЕЛДІ КӘУСАР - мектепалды даярлық тобының дарынды тәрбиеленушісі және оның тәрбиешісі Төлепбергенова Алла ерекше өнерімен 1-орын иеленді. Кәусар кішкентай болса да, үлкен сахнада еркін, сенімді өнер көрсетіп, жүрекпен сезілген әнді ым-ишара тілімен шебер жеткізе білді. Бұл – бала мен тәрбиеші арасындағы тығыз байланыс пен үлкен еңбектің нәтижесі.
9 "ә" класс оқушысы САТЫБАЛДЫ АЯНАТ пен тәрбиешісі Ахаева Гүлзатты 2-орын иегерлері ретінде құттықтаймыз!
Аталған жұптың сахнадағы басты ерекшелігі - ынтымақ пен үйлесімділік болды.
Патриоттық сезімге толы әнді көркем және эмоциялық жеткізу арқылы көрермен жүрегін жаулап алған Аянат пен Гүлзат еңбек пен талап биіктерге жетелейтінін дәлелледі.
Байқаудың 3 орын иегерлері - 6"ә" класс оқушысы ҚАЙЫРЛЫ БЕКАСЫЛ мен логопед маманы Дәрібаева Альбина өнерлері арқылы ым-ишара тілінің құдіретін, патриоттық сезімді әсерлі жеткізе білді.
Бекасыл ым ишара тілінде ән орындауды енді ғана үйреніп, үлкен сахнаға алғаш шықса да, бар ынтасымен әнді беріле орындап, көрермен көзайымына айналды.
7"Ә" класс оқушысы САМАТҰЛЫ АЗИЗХАН мен жас маман Маханова Акерке байқаудағы белсенділігі, сахнадағы сенімділіктерімен лайықты өнер көрсетіп, 3-орынды жеңіп алды!
Байқауда ерекше өнер көрсеткен қатысушылардың бірі – 9"Ә" класс оқушысы МАҚСАТҚЫЗЫ ЖЕҢІСГҮЛ
Ол сахна төрінде өзінің сүйікті әжесі – Байтлеева Сәуле апаймен бірге Е. Хасанғалиевтің "Айналдым елім" әнін ым-ишара тілінде көркем орындап, көрермен жүрегін баурап алды.
6 "Ә" класс оқушысы ТҰРАҚБАЙ САБИНА мен жас маман Тлеу Мадина аталған байқауда жұлдыздай жарқырап көрініп, "Ым тіліндегі шеберлік" номинациясын иеленді. Олардың сахнада сенімділікпен, жүрекпен жеткізген қол қимылы көпшілікке әсер сыйлады.
«Поющие руки – 2025» байқауында өнер көрсетіп, көзге түскен өнерлі жұп - 7 "Ә" класының оқушысы ШЫМБЕРГЕНОВА ТОМИРИС пен бірнеше жыл еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі тәрбиеші Сейтжапарова Г.Ж. Қос өнерпаз сахнада ерекше үйлесіммен өнер көрсетіп, жүрекпен сезілген әнді шебер жеткізе білді.