«Қамқоршылық – Забота» ҚҚ мен «Жомарт жан» орталығы бірлесіп, «Инклюзивті Ассамблея» жобасы аясында Тәуелсіздік күні қарсаңында ерекше білімді қажет ететін балалар арасында «Қазақстан Тәуелсіздігі – балалар көзімен» атты шығармашылық байқау ұйымдастырды.

Аталған байқауға Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің оқушылары қатысып, сурет және қолөнер бұйымдарын ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша 9 "Б" класс оқушысы КАСТРОМИНА ЭЛЬВИРА ГРАН ПРИ иегері атанып, Диплом және ұйымдастырушылар атынан ақшалай сыйлыққа ие болды. 0"Ә" класс оқушысы ҚАЛДЫБАЙ САНЖАР "Ең жас қатысушы" номинациясына ие болды.
Барлық қатысушы оқушыларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, кейбір оқушылардың жұмыстары қайырымдылық аукционында сатылып, қаражат ата-аналарын қолдауға бағытталды.
Шара соңында өнерпаздарымыз ым-ишара тілінде әндер орындап, би биледі.
Оқушыларымыз ұйымдастырушылар ұсынған тәтті тағамдардан дәм татып, түрлі ойындар ойнады.