6 наурыз күні өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, шәкірт тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген педагогтарға лайықты құрмет көрсетілді.
Ұзақ жылдар абыройлы еңбек етіп, білім саласына елеулі үлес қосқаны үшін мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болған өңірдің 21 ұстазының қатарында “мектеп-интернат-колледж” кешенінің ұстазы АМАНКОСОВ БАҚТЫҒАЛИ ағайымыз бар. Білім мен тәрбие жолындағы табанды еңбектің нәтижесінде ағай “Еңбек ардагері” төсбелгісімен марапатталды.
Марапаттарды Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева табыстады.
Ұстазымызды шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен толағай жетістіктер тілейміз!
https://sch.edugov.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz/1389-6-nauryz-k-ni-skele-rpa-a-bilim-men-t-rbie-berip.html#sigFreeIda2540771bf







