Ақтөбе облысында «WorldSkills Aktobe-2026» кәсіби шеберліктің өңірлік чемпионаты өз мәресіне жетті. 400-ден астам студент 70 құзыреттілік бойынша қатысқан чемпионатта біздің студенттеріміз топ жарып, жеңімпаздар тұғырына көтерілді!

“Шаштараз өнері” құзіреттілігі бойынша МАЖИТОВА АЙШАБИБІ ІІ орын иеленді. Жетекшісі: Исмагилова Гулбаршын Салыкбаевна

“Сәндік технология” құзіреттілігі бойынша БОЛАТ АЙСҰЛТАН жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды.Жетекшісі: Сағынаева Гүлзат Бөріқызы

«WorldSkills Aktobe-2026» — бұл тек жарыс емес, бұл — кәсіби шеберліктің, қажырлы еңбектің, ізденіс пен таланттың үлкен алаңы. Бұл — жастардың мүмкіндігін шыңдап, болашақ мамандардың білімі мен біліктілігін танытатын маңызды кезең.

Барлық әріптестерге ортақ жетістігіміз құтты болсын! Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, алар асуларымыз көп болсын!