2022 жылдың 20-21 қараша күндері Шымкент қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының "Қайырымдылық керуені" атты республикалық форумның Гала концертке Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің өнерпаздарынан құралған "Аяла" тобы қатысты.
Республикалық форум ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Қоғамдық келісім" РММ ұйымдастыруымен өтті. Форум балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке жетістіктерін тәрбиелеу және дамыту, тұлғаның үйлесімді дамуы және қазіргі қоғам жағдайында сәтті әлеуметтену үшін қажетті нәтижелерге қол жеткізу мақсатында өткізілді.
Аталған форумда еліміздің әр түкпірінен талантты, өнерлі, жүйрек балалар бас қосып, өз өнерлерін тарту етті. Форум бағдарламасына сәйкес қатысушылар Шымкент қаласының көрікті жерлерін аралап, қалалық хайуанаттар бағы, оқушылар сарайын тамашалады. Жас таланттарымыз белсене қатысқаны үшін диплом және Алғыс хатпен марапатталды. Жас өнерпаздарымыз бен жетекшісі Тажбенова Л.Ж. шығармашылық табыстар тілейміз!