Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат- колледж” кітапханасында «Балалар кітапханасы» және «Оқуға құштар колледж» бағдарламасын жүзеге асыру, кітаптың құдіретiн арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту мақсатында 14 ақпан – халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Шын жүректен кітап сыйла!» челленджі өткізілді.

Өткізілген іс-шараға қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүк туралы зерттеген Ақтөбенің белсенді азаматтарының бірі болған Ғалымжан Ермағанбетұлы Байдербестың қызы Ғалия Байдербесова үйіндегі жеке кітапханасынан 40-қа жуық кітап, 6 аудиодиск әкеліп тапсырды.

Сонымен қатар, мектеп-интернат-колледж мұғалімдері мен оқушылары челленджге белсене қатысып, өздерінің оқыған кітаптарын сыйға тартты.