Елімізде 2025 жыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. 
Осы орайда Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кітапханасында колледж студенттеріне арнап жоспар бойынша “Техникалық білім беру- жұмысшы мамандықтары: 2025 жылдағы жаңа мүмкіндіктер мен бастамалар” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. 
Мақсаты: 
жастардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру; 
олардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 
Іс – шара барысында директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары А.Уразова әрбір жас адамның мамандық таңдаудағы жауапкершілігі мен нақты қадамы жайлы айтып өтті. Кітапханашы кітап көрмесіне түрлі мамандықтар жөнінде, әсіресе шаштараз,тігінші мамандықтары туралы әдебиеттер мен оқулықтарды топтастырды. Студенттер өздерін қызықтырған кітаптарды оқып танысты.