“Ақтөбе облыстық арнайы “ мектеп - интернат - колледж”кешені” КММ кітапханасында “Оқуға құштар колледж”, “Балалар кітапханасы” жобасын іске асыру аясында студенттер арасында «Ақылдылар мен алғырлар» атты әдеби ойын өткізілді.
Іс - шараны колледж оқытушысы Б.Дүйсеналина, тәрбиеші М.Культемирова және кітапханашы Л.Бултекова ұйымдастырды.
Мақсаты:
жастардың тіл байлығын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту және әдеби шығармаларға деген қызығушылығын арттыру;
сыйластыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Студенттер іс - шара барысында әдеби- ойындардың түрлерімен танысып, оның ішінде “Шығарманы тап”,”Кейіпкерді анықта”, ”Кітап мұқабасын таны” тәсілдері бойынша ойындарын ойнады.
Әдеби ойындар жастарды біріктіріп, оларды пікір алмасуға, ой бөлісуге және өз көзқарасын жеткізуге үйретеді.
https://sch.edugov.kz/kz/kitapkhana/1090-a-yldylar-men-al-yrlar-atty-debi-ojyn.html#sigFreeId5f8b700d5d







