📝2025 жылдың 8 сәуірінде Ақтөбе облыстық арнайы мектеп - интернат - колледж кітапханасында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Комикс еліндегі саяхат” тақырыбында ерекше форматта ақпарат сағаты өтті.
📝Шара барысында кітапханашылар оқушыларға комикс жанрының ерекшелігімен тәрбиелік маңызын түсіндірді. Оқушылар кітап көрмесімен танысып, танымдық түрлі ойындар ойнап, тапсырмалар орындады. Әр бала өз қиялындағы кейіпкерін тауып, білімге деген қызығушылықтары артты.
📝Осындай ақпараттық сағаттар арқылы оқушылар тек кітап оқып қана қоймай, шығармашылықпен ойлауға, еркін пікір білдіруге үйренеді. Өткізілген іс - шара оқушыларға қызықты,көңілді,әсерлі,шабытты шара болды деп ойлаймыз.