Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп - интернат - колледж” кітапханасында “Оқуға құштар колледж” жобасын іске асыру аясында “Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау” тақырыбында әдеби сот өткізілді.
Іс - шараны колледж тәрбиешілері А.Смағұл, Қ.Утулиева және колледж кітапханашысы Л.Бултекова ұйымдастырды.
Мақсаты:
📚шығарманың көркемдік, тәрбиелік, идеялық мазмұнын тереңірек түсінуге көмектесу.
Студенттер оқыған әдеби шығармалары ішіндегі кейіпкер - Бауыржан Момышұлының мінез - құлқы мен ішкі дүниесін тану туралы өз ойларын айтып жеткізді. Кейіпкерлер арқылы автор қандай ой айтқысы келгенін, қандай құндылықтарды насихаттағанын ұғыну үшін кейіпкерге жан - жақты талдау жасалды.
Қысқаша айтқанда, кейіпкерді талдау - бұл тек адам бейнесін сипаттау емес, сонымен қатар сол кейіпкер арқылы берілген идеяны, өмірлік шындықты, автордың ұстанымын терең түсінуге жол ашады.
https://sch.edugov.kz/kz/kitapkhana/1118-debi-shy-arma-men-ony-kejipkerlerin-tal-ylau.html#sigFreeId23c147345a







