Мектеп кітапханасында 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында «Қазақстанның бірлігі – халықтар достығында» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты:
оқушылардардың басқа ұлт өкілдерінің өміріне, олардың мәдениетіне, әдет-ғұрпына, ұлттық өнеріне деген қызығушылығын қалыптастыру;
оқушыларды кітап оқуға шақыру.
Көрмеге қойылған кітаптар мен материалдар:
-
Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы әдебиеттер;
-
Қазақстанда тұратын ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті мен дәстүрлері жайлы энциклопедиялар;
-
Ұлы тұлғалар мен қоғам қайраткерлерінің ұлтаралық татулық туралы айтқан нақыл сөздері;
-
Әдеби шығармалар: достық, бірлік, ынтымақ тақырыбындағы өлеңдер, әңгімелер, хикаяттар.
Көрме оқушылардың түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетіне деген құрметін арттырып, ел бірлігінің маңызын ұғынуға сеп болды. Сонымен қатар, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығы мен ынтасын оятты. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты елжандылыққа, бейбітшілік пен келісімге тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
https://sch.edugov.kz/kz/kitapkhana/1161-aza-stanny-birligi-khaly-tar-dosty-ynda-atty-kitap-k-rmesi.html#sigFreeId7e0cf8fb30







