2025–2026 оқу жылына “Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешені” КММ кітапханасы облыстық Білім басқармасының демеушілігімен қажетті оқулықтармен толық қамтамасыз етілді.
Жаңа оқу жылы қарсаңында кітапхана қоры толықтырылып, түрлі баспалардан шыққан жаңартылған оқулықтар қабылданды. Арнайы тапсырыс бойынша қайта басылып шыққан 4–7 сыныптарға арналған оқулықтар, сондай-ақ 7–8 сынып оқушыларына арналған тифло оқулықтары мен 6-сыныпқа арналған Брайль қарпімен басылған оқулықтар алынды.
Сонымен қатар, 4-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінің электронды оқулығы алынып, оқу процесінде қолдануға мүмкіндік жасалды. Жеткізілген кітаптар дер кезінде тіркеліп, мұғалімдер мен оқушыларға таратылды.
https://sch.edugov.kz/kz/kitapkhana/1199-kitapkhana-azhetti-o-uly-tarmen-toly-ty.html#sigFreeId3edc3e1a03







