“Ақтөбе облыстық арнайы “мектеп-интернат- колледж” кешені” КММ -нің бастауыш сынып оқушылары “Кітапхана әлеміне саяхат” экскурсиясына қатысты.

Мақсаты :

  • Кітапхана туралы түсінік қалыптастыру

  • Оқу мен кітапқа деген қызығушылықты ояту , әртүрлі жанрдағы кітаптармен танысу арқылы дүниетанымын кеңейту.

  • Оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізу.

  • Кітапты сезіну, суреттерді қарау, қарапайым мәтіндерді тыңдау арқылы оқу.

Экскурсия барысында оқушылар кітапхана ережесімен таныса отырып, кітапты таза, ұқыпты ұстау керектігін ұғынды. Сөрелердегі әр түрлі кітаптармен, газет- журналдармен танысып, ұстаздарымен бірге оқып тамашалады.