Арнайы "мектеп - интернат - колледж" кітапханасында кітапханашы Лаззат Сағындыққызының ұйымдастыруымен оқушыларға арналған «Батырлар елі - Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты - оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілікке, елін, жерін қорғаған батырлардың ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрмеге туған жер туралы және қазақ халқының ерлік тарихын, ел қорғаған батырлар өмірін баяндайтын кітаптар, сонымен қатар Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова сияқты батырлардың өмірі мен ерлігі туралы кітаптар қойылды.

Оқушылар көрмемен танысып, батырлар туралы мәлімет алды.