Арнайы мектеп - интернат - колледж кітапханасы С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп ұлт ұстазы Ы.Алтынсариннің 185 жылдығына орай танымдық сағатын өткізді.
Мақсаты:
Оқушыларға ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық мұрасын таныстыру, оның ағартушылық еңбегін насихаттау, жас ұрпақтың бойында білімге, еңбекқорлыққа және адамгершілікке деген қызығушылығын арттыру.
Шара өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Оқушылар мен тәрбиешілер Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен еңбектері туралы тың мәліметтер алып, өз ой - пікірлерін ортаға салды.
Іс - шара барысында оқушылар бейнероликтер бойынша викториналық сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты. Іс - шара жылы әрі әсерлі көңіл күйде өтті.
https://sch.edugov.kz/kz/kitapkhana/1285-tanymdy-sa-at-tti.html#sigFreeId1540be524b







