Арнайы "мектеп - интернат - колледж" кітапханасында «Абай - дара, Абай - дана қазақта» тақырыбында колледж студенттерінің қатысуымен әсерлі әдеби сағаты өткізілді.
Іс - шараны ұйымдастырған колледж оқытушылары Г. Исмаилова , Г.Сағынаева , Б.Дүйсеналина және кітапханашы Л. Бултекова
Іс - шара барысында қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын дәріптеу, жастардың рухани дүниесін байыту, адамгершілікке, еңбекқорлыққа және білімге ұмтылуға тәрбиелеу мақсатында ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы мазмұнды әңгімелер қозғалып, студенттер Абай өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқып, өз ой - пікірлерімен бөлісті.
https://sch.edugov.kz/kz/kitapkhana/1286-abaj-dara-abaj-dana-aza-ta.html#sigFreeIdadf47b47cd







