Кітапхана жұмысы

Қысқы демалыс жоспарына сәйкес арнайы "мектеп- интернат-колледж" кітапханашысы Бултекова Лаззат Сагындыковна студенттермен жүргізілген жұмыстары, кітап көрмелері және кітап қорын реттеу бойынша атқарылған жұмыстардың есебімен бөлісті.

2025–2026 оқу жылы барысында оқу- тәрбие процесін ақпараттық қамтамасыз ету, студенттердің кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және оқытушыларға әдістемелік қолдау көрсету бағытында жоспарлы жұмыстар атқарылды:
Студенттерді тіркеу, кітап қорының есебі жүргізілді.
Жаңа әдебиеттермен кітап қоры толықтырылды
Тәрбиелік және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Студенттердің "Балалар кітапханасы " жобасы аясында кітап оқуға қызығушылығы артты.