Арнайы “мектеп-интернат-колледж” кітапханасында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлерімен мектеп кітапханашысы бірлесе отырып, қазақ поэзиясының көрнекті өкілі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай танымдық сағат өткізді.
Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылып, оқушылар өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар заманауи форматтағы QR коды бар кітаптар таныстырылып, оқырмандарға цифрлық мүмкіндіктер арқылы әдебиетті қолжетімді пайдалану жолдары көрсетілді.
Танымдық сағат оқушылардың поэзияға қызығушылығын арттырып, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, жас ұрпаққа ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетіміздің мәнін терең түсінуге мүмкіндік берді.