Кітап – білімнің кілті, рухани байлықтың бастауы.
“Кітапханаға кітап сыйла-болашаққа үлес қос!» акциясы аясында мектебіміздің ұстаздары мектеп кітапханасына өз үйлерінен әкелген кітаптарын сыйға тартты.
Бұл игі шараның басты мақсаты – мектеп кітапханасының қорын толықтыру, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Ұстаздарымыздың сыйға берген кітаптары жас оқырмандар үшін үлкен рухани қазына болары сөзсіз. Осындай ізгі іске атсалысқан ұстаздарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Кітап – сарқылмас қазына. Кітап оқиық, рухани бай болайық!
View the embedded image gallery online at:
https://sch.edugov.kz/kz/kitapkhana/1378-kitapkhana-a-kitap-syjlau-aktsiyasy.html#sigFreeId19cec59af0
https://sch.edugov.kz/kz/kitapkhana/1378-kitapkhana-a-kitap-syjlau-aktsiyasy.html#sigFreeId19cec59af0







