Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан бай рухани мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру және ата-баба дәстүріне деген құрметін арттыру мақсатында «Ұлттық салт-дәстүр – ұрпаққа мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесіне халқымыздың ұлттық салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғылары, ұлттық тәрбиесі мен мәдениеті туралы әдебиеттер қойылды. Оқушыларға ата-бабадан ұрпаққа аманат болып жеткен дәстүрлердің мән-маңызы түсіндіріліп, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен рухани құндылықтары жайлы кітаптар таныстырылды.
Іс-шара барысында оқушылар ұлттық салт-дәстүрлердің шығу тарихы мен тәрбиелік мәні туралы мағлұмат алып, өздерін қызықтырған кітаптармен танысты. Сонымен қатар, халқымыздың «үлкенге құрмет, кішіге ізет», қонақжайлық, бата беру, бесікке салу, тұсаукесер, шілдехана сияқты дәстүрлерінің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына назар аударылды.
Кітап көрмесі арқылы оқушыларды ұлттық мұраны қадірлеуге, ата дәстүрді құрметтеуге, халқымыздың мәдениеті мен тарихын тереңірек білуге баулу көзделді.
Ұлттық салт-дәстүр — халқымыздың рухани қазынасы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын баға жетпес мұра. Оны дәріптеу мен кейінгі ұрпаққа жеткізу — баршамыздың ортақ міндетіміз.