«Менің алғашқы кітабым» атты ақпарат сағаты
Арнайы мектеп-интернат-колледж кітапханасында 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні аясында «Менің алғашқы кітабым» атты ақпарат сағаты, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – балалардың кітапқа деген қызығушылығын оятып, олардың алғашқы оқыған кітаптары арқылы жақсы естеліктерін жаңғырту, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру болды.
Шара барысында оқушылар өздерінің ең алғаш оқыған кітаптары жайлы әңгімелеп, қандай әсер алғандарымен бөлісті. Кейбірі сүйікті кейіпкерлерін атап, неге сол кітап ұнағанын айтып берді. Бұл балалардың бір-бірімен еркін пікір алмасуына мүмкіндік берді.
Кітап көрмесінде әртүрлі қызықты, танымдық кітаптар ұсынылып, балалар оларды қызыға қарап, өздеріне ұнағандарын таңдады.
Жалпы, іс-шара өз дәрежесінде өтті. Балалардың кітапқа деген қызығушылығы артып, жақсы көңіл-күй сыйлады. Осындай шаралар олардың кітаппен дос болуына септігін тигізеді.
https://sch.edugov.kz/kz/kitapkhana/1403-meni-al-ash-y-kitabym-atty-a-parat-sa-aty.html#sigFreeId16cff3e4fc







