«Бір ел — бір кітап» танымдық сағаты


«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында колледж студенттерінің қатысуымен танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттерді ұлттық әдебиетіміздің асыл мұраларымен таныстыру, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, тарихи шығармалар арқылы ел тағдыры мен ұлт болмысын терең түсінуге бағыттау. Сонымен қатар, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту және көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін дамыту көзделді.
Кітапханашы Л.Бултекова студенттерге 2026 жылдың таңдауы ретінде алынған көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы туралы қысқаша түсінік беріп, оқуға ұсыныс берді.