15 қыркүйек күні арнайы “мектеп-интернат-колледж” кешенінің 1-сынып оқушылары кітапханаға саяхат жасап, кітап әлемімен танысты. Кішкентай оқырмандарға балалар кітаптары, суретті және қолжетімді кітаптар көрсетіліп, кітапхананы пайдалану туралы түсінік берілді. Балалар кітаптарды қызығушылықпен тамашалап, алғашқы оқырмандық әсерлерімен бөлісті. Кітаппен алғашқы таныстық — білім әлеміне бастар алғашқы қадам! Қош келдіңдер, кішкентай оқырмандар!