"Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын іске асыру аясында колледж кітапханашысының ұйымдастыруымен жастар арасында "Қазақстанның салт-дәстүрлері кітап дерек көздерінен" атты кітапхана квесті өткізілді.

Мақсаты: жастарға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет- ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, ұлттық сананы ояту.

Шара барысында қазақ халқының ұлттық киімдері, ұлттық ойындары, салт-дәстүрлері жөнінде айтылды, ойындар ұйымдастырылды. Кітапханамыздың салт-дәстүр жайындағы кітаптарымен таныстырылды.