Жаңалықтар
2019 жылдың 3 мамыр күні Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясы ұйымдастырған "Академия жұлдыздары" атты ІІ Республикалық марапаттау салтанатында Ақтөбе облыстық арнайы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің оқушылары - бірнеше шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары ҚАНКЕЛДІ ЖҰЛДЫЗАЙ мен ЖАКАЕВА АРУЖАН "Академия жұлдызы" төсбелгісімен марапатталды.
2019 жылдың 3 мамыр күні Ақтөбе облыстық арнайы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамының төрайымы З.Н.Телеушеваның бастамасымен өткен қайырымдылық акциясына қалалық Іскер Əйелдер Кеңесінің мүшелері қатысып, мектеп ауласына бірнеше тал, жеміс ағашы көшеттерін отырғызды.
2019 жылдың 2 мамыр күні Ақтөбе облыстық арнайы түзетім есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде ұйымдастырылған Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған онкүндік ұстаздар арасындағы "Менің туған өлкем" атты танымдық ойынмен аяқталды. Коррекциялық бағыттағы пəндер бірлестігі ұйымдастырған сайысқа "Актюбинск" жəне "Парасат" топтары қатысып, білім мен біліктілігін сынға салды. Топтар бірінші кезеңде өздерін таныстыруда шеберліктерін танытты. Бұл кезеңде «Актюбинск» тобының таныстыруы креативті, тақырыпқа сай деп танылып, қазылар алқасының оң бағасын алды.
2019 жылдың 29 сәуір күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде 8-10 класс оқушылары арасында "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!" атты шара өтті.
С 22 по 25 апреля 2019 года в Актюбинской области проходил региональный чемпионат WorldSkillsKazakhstan Aktobe 2019, который продлился в течении пяти дней. Проект «WorldSkills» - это международное движение, распространенное во всем мире, которое имеет широкую государственную поддержку во многих странах, в том числе и у нас, в Казахстане!
2019 жылдың 18 сəуір күні Кеңес Одағының батыры Ə.Молдағұлованың облыстық мемориалды мұражайында Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай "Ерлік - елге мұра" атты əдеби-сазды кеш өткізілді.
2019 жылдың 9 сәуір күні Ақтөбе облыстық арнайы түзетім есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжі Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған "Батыр даңқы өшпейді" атты қайырымдылық шарасына атсалысты.














