Іс Шаралар

Нұр-Сұлтан қаласында 26 мамыр - 1маусым аралығында өткен ерекше білімді қажет ететін оқушылар арасында жыл сайын ұйымдастырылатын  ХІҮ Халықаралық "Жұлдызай" балалар шығармашылығы фестивалінде Хасанов Радмир ым-ишара тілінде əн номинациясы бойынша ІІІ орын иеленді.

2019 жылдың  мамыр айының 17 күні Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде Қамқоршылық кеңестің отырысы өтті. Оған Қамқоршылық кеңестің мүшелері және білім ұйымының директоры Даутова Қ.А., директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары Суликанова Н.Ж. қатысты.

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.

2019 жылдың 10 мамырында жыл сайын дәстүрге айналған "Айбынды жігіт" сайысы өткізілді.

2019 жылдың 3 мамыр күні Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясы ұйымдастырған "Академия жұлдыздары" атты ІІ Республикалық марапаттау салтанатында Ақтөбе облыстық арнайы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінің оқушылары - бірнеше шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары ҚАНКЕЛДІ ЖҰЛДЫЗАЙ мен ЖАКАЕВА АРУЖАН "Академия жұлдызы" төсбелгісімен марапатталды.

2019 жылдың 3 мамыр күні Ақтөбе облыстық арнайы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжінде Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамының төрайымы З.Н.Телеушеваның бастамасымен өткен қайырымдылық акциясына қалалық Іскер Əйелдер Кеңесінің мүшелері қатысып, мектеп ауласына бірнеше тал, жеміс ағашы көшеттерін отырғызды.