Облыстық семинар - практикум 2026 жылдың 19 наурыз күні Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтың жоспарына сәйкес арнайы білім беру ұйымдары мен аудандық, қалалық, жалпы білім беретін орта мектептердің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын педагогтеріне арналған «Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда - тиімді сабақтарды жоспарлау» тақырыбында облыстық семинар - практикум өтті. Облыстық семинар-практикумнің негізгі мақсаты – ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытуда тиімді сабақтарды жоспарлауда жасанды интеллект мүмкіндіктері арқылы жүзеге асыруда педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және инклюзивті білім беру саласында тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу. Семинар- практикумда Ақтөбе облыстық арнайы мектеп- интернат- колледж кешенінің педагогтерді өз іс- тәжірибелерімен бөлісті. Шарада ең алдымен инклюзивті білім берудің негізгі қағидаттары талқыланды. Қатысушылар ерекше білімді қажет ететін балалардың әрқайсысының жеке ерекшеліктерін, қабілеттерін, даму деңгейін ескере отырып білім беру қажеттілігі туралы пікір алмасты. Мұғалімнің басты міндеті – әр оқушыға қолайлы оқу ортасын құру, олардың оқу материалын меңгеруіне мүмкіндік беру екендігі айтылды. Семинар барысында тиімді сабақ жоспарлаудың жолдары кеңінен қарастырылып, сараланған және ЖИ арқылы бейімделген оқыту әдістері туралы тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылды. Мұғалімдер топтық жұмыс, ойын элементтері, визуалды материалдар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын талқылады. Әсіресе, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды қолдану арқылы ерекше білімді қажет ететін балалар үшін тапсырмаларды жеңілдету, кезең-кезеңмен түсіндіру тәсілдері көрсетілді. Облыстық семинар-практикум педагогтарға ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған тиімді сабақ жоспарлау бойынша теориялық және практикалық білім беріп, инклюзивті білім беру тәжірибесін дамытуға бағытталды. Мұндай іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырып, әр баланың сапалы білім алуына мүмкіндік жасауға ықпал етеді.