Жаңалықтар
11 қазан 2019 жылы Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде «Отбасым - қорғаным» деп аталатын психологтардың ұйымдастыруымен психологиялық тренинг форматындағы кездесу ұйымдастырылды. Мақсаты: отбасы тәрбиесінің құндылығын, бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты ынтымақтастыру, мектеп өмірімен таныстыру.
Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған «арнайы мектеп-интернат-колледж» кешенінде қазан айының 25-і күні "Шаштараз-модельер" мамандығы бойынша оқу қатарына қабылданған бірінші курс студенттеріне арналған маңызды мерекелік іс-шаралардың бірі "Студенттер қатарына қабылдау» кеші өтті.
24.10.2019ж. Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған «арнайы мектеп-интернат-колледж» кешенінде "Әке - отбасының тірегі" тақырыбында әкелермен психологиялық тренинг форматындағы кездесу өтті. Кездесудің алғашқы сөзі директор Қ.А.Даутоваға берілді. Күн тәртібі бойынша психолог С.С.Нұржан "Отбасындағы әкенің рөлі" атты баяндамасымен таныстырды.
2019 жылғы 15 қазан күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде
Мектебімізде «Менің туған күнім» атты мерекелік шараны жыл сайын атап өту дәстүрге айналды. 2019 жылдың 28 қыркүйек күні жаз мезгілінде дүниеге келген оқушылардың құрметіне арналған «Шуақты күннің сәулелері» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Қазақ тілі –Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі,әлемдегі тілдер ішіндегі ең бай тілдердің бірі,қазақ халқының ана тілі.Тіл қай елде болсын,ұлтта болсын қасиетті,қадірлі.Қазақ тілі –халқымыздың рухани байлығы,атадан балаға,ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып отырған баға жетпес мұра.Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп,қалыптасады. Тіл – әрбір елдің жаны.
«Ақтөбе облыстық арнайы есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған «мектеп-интернат-колледж» кешенінде 2019 жылдың 1 қыркүйек – Білім күніне арналған "Сапалы ұрпақ-жарқын болашақ" атты салтанатты жиын өткізілді.














