2026 жылғы 13 қазанда «Жасанды интеллект және арнайы білім беру: педагогке жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы апталық аясында Н.А. Утурмакованың «Домбырамен күй шертуді үйренеміз» атты шеберлік сағаты өтті.

Мақсаты: көру қабілеті бұзылған оқушыларға домбырада күй шертудің қыр-сырын үйрету, ұлттық аспапқа деген қызығушылығын арттыру.

Шеберлік сағаты барысында педагог ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетті. Көру қабілеті бұзылған балалардың есту, сезу және тактильді (сипап сезу) қабылдау ерекшеліктері ескеріле отырып, домбыра тартудың алғашқы қадамдары мен негізгі қағыстары түсіндірілді. Сонымен қатар, арнайы білім берудегі заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін музыкалық тәрбиемен ұштастыру жолдары сөз болды.

Тәжірибелік бөлімде оқушылар ұлттық аспаптың құрылысымен жақын танысып, күй шертудің алғашқы элементтерін өздігінен орындап көрді. Педагогтің шеберлігі мен ерекше тәсілінің арқасында балалардың ұлттық өнерге, күй құдіретіне деген ықыласы оянып, сабақ өте қызықты әрі әсерлі өтті.

Мұндай шаралар ерекше балалардың шығармашылық әлеуетін ашуға, оларды әлеуметтендіруге және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруге үлкен септігін тигізеді. Шеберлік сағатына қатысқан әріптестер мен қонақтар іс-шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, педагогтің еңбегіне ризашылықтарын білдірді.