2026 жылдың 16 қазанында мектебімізде «Жасанды интеллект және арнайы білім беру: педагогке жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында өткен апталықтың салтанатты жабылуы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты — арнайы білім берудегі педагогтердің инновациялық жұмыстарын қорытындылау және заманауи цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін көрсету болды. Мерекелік бағдарлама оқушылардың ым-ишара тіліндегі әсерлі әнімен және мектеп әкімшілігінің құттықтау сөзімен басталды.
Шара барысында апталық сабақтарынан бейнеролик, «жанданған» балалар қолөнер бұйымдары мен шынайы мұғалімнің орнын ештеңе алмастыра алмайтынын көрсететін мағыналы сценка көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Сондай-ақ мерекелік көңіл-күйді «Өз елім» әні, көңілді би және «Біз біргеміз» композициясы аша түсті.
Іс-шара өте қызықты әрі жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлады.
https://sch.edugov.kz/kz/247/1513-zhasandy-intellekt-zh-ne-arnajy-bilim-beru-pedagogke-zha-a-m-mkindikter-aptaly-yny-zhabyluy.html#sigFreeId47da3a819c







