“Каникулда кітап оқиық” атты дөңгелек үстел 2024 жылдың 17 сәуір күні Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп- интернат- колледж» кешенінде көру қабілеті бұзылған балаларға арналған “Каникулда кітап оқиық” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мақсаты: Мектеп оқушыларына кітап әлемі жайлы ақпарат бере отырып , қызықты кітаптар тізіммен таныстырып жазғы демалыста кітап оқуға кеңес беру. Дөңгелек үстел барысында оқушылармен кітап туралы ұғым және қандай әдеби шығарма жанырларын білетіндіктері жайында, сонымен қатар өздерінің қандай кітап оқығандықтары жөнінде әңгіме қозғалды.Оқыған кітап мазмұнын қысқаша баяндап беру сұралды. Жазғы демалыста оқуға болатын кітаптар тізбегі ұсынылды.
https://sch.edugov.kz/kz/247/821-kanikulda-kitap-o-iy-atty-d-gelek-stel.html#sigFreeId1af10ac2f2







