«Балалар жылы» аясында Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы Мәдениет үйі ұйымдастыруымен өткізілген "Балғын бөбек" балалардың шығармашылық байқауына Ақтөбе облыстық есту және көру қабілеттерінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешенінің бастауыш класс оқушылары қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша үздік атанған жұп Саматұлы Азизхан және Масакова Маржан «Кішкентай Ханзада мен Кішкентай Ханшайым» атағына ие болды.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды жетістіктерімен құттықтаймыз.