Атауы Жүктеу
1 Бұйырамын


Атауы Жүктеу
1 Мемлекеттік қызмет 2024ж

Мекеме  жөндеуден өтті

Арнайы мектеп жалпы білім беретін мектептер мен білім алушыларды оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың жалпы міндеттерін, сондай-ақ оқытудың арнайы жағдайларын жасай отырып, бұзылған функциялардың орнын толықтыру міндеттерін шешеді.

2023-2024 оқу жылында Ақтөбе облысының әкімдігі, Ақтөбе облыстық Білім басқармасының қолдауымен мемлекеттік қаражат есебінен мекеменің шатыры және жылыту құбырлары күрделі жөндеуден өткізілді.
 Биылғы жылы мәжіліс және спорт залы, үшінші қабаттың класс кабинеттері, интернаттағы оқушылардың жатын бөлмелері жөндеуден өтіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының «Арнайы мектеп білім беру ұйымдарын жарақтандыру» қайырымдылық бағдарламасы аясында «Музыка», «Бейнелеу өнері», «Интеллектум», «Психолог», «Логопед» кабинеттері, спортзалға спорт жабдықтары және жалпы білім беретін пәндер бойынша көрнекіліктермен жабдықталды.

 


ЭЦҚ деген не және не үшін керек?

Электрондық цифрлық қолтаңба қазір көп жерде қолданылады. Өмірімізді жеңілдеткені сонша, үйде отырып-ақ, кей құжаттардың электронды нұсқасын демде ала аламыз..

Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен теңестірілген. ЭЦҚ-да өзінің иесі туралы қажет барлық ақпарат сақтаулы тұрады.. 

 «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 370 Заңының 14-бабына сәйкес Тіркеу куәлігі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен он алты жасқа толған адамға беріледі.

ДЕРЕКТЕРДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?

Неге электронды цифрлық қолтаңбаны бейтаныс адамдарға беруге болмайды?

⠀Қазіргі таңда пайдаланушылар үшін басты қауіптердің бірі - ЭЦҚ бұзу немесе басқа адамдарға беру болып табылады. Себебі ЭЦҚ көмегімен келесі қызметтерді алуға болады:

  • салықтарды төлеу;
  • азаматтарды тіркеу және шығару;
  • әр түрлі анықтамалар мен құжаттар алу;
  • айыппұлдарды төлеу және тағы басқалар.

⠀ЭЦҚ - пайдаланушының электрондық түрдегі қолы болып табылады. Бұл құжаттарға заңды қол қоюмен тең.

⠀ДЕРЕКТЕРДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?

Деректерді қорғау үшін МАҢЫЗДЫ:

  • ЭЦҚ үшінші тұлғаларға бермеу;
  • қызметкерлер жұмыстан босатылғаннан кейін ЭЦҚ кері қайтарылуын қадағалаңыз;
  • ресми құжаттарға қол қоюға жауапты қызметкерлерге жеке ЭЦҚ беру;
  • ЭЦҚ бар флешка жоғалған жағдайда бірден жаңа электрондық қолтаңбаны ашу;
  • тікелей орталықта алынған ЭЦҚ құпиясөзін ауыстырыңыз. Мұндай жағдайларда қарапайым техникалық қызмет көрсету үшін бірдей пароль жиі орнатылады;
  • бейтаныс адамдардан ЭЦҚ кілтін ашу үшін ақылы көмек қабылдамау.